Елбасы Алматыдағы LG электроник компаниясының зауытында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Алматыдағы LG электроник компаниясының зауытында болды

Елбасы Алматыдағы LG электроник компаниясының зауытында болды

Алматыдағы LG электроник кәсіпорны - индустриялық-инновациялық бағдарламаның ішінде ақпараттық технологиялар бағытындағы ең үлкен зауыт болып саналады.

  • 19 Қараша 2012
  • 288
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы LG электроник компаниясының зауытында болған кезде айтты.

«Бұрын бәрін сырттан әкелетінбіз. 1998 жылы мен осы зауыттың ашылуына қатынасқанмын. Ол кезде тек бөлшектерін алып келіп жинайтынбыз. Қазір 60 пайызға жақынын Қазақстанда шығарып жатырмыз. Кейіннен екінші зауыт салынғанда 70 пайызға дейін жетеді. Бұл елімізде, тіпті ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең үлкен кәсіпорын болайын деп тұр. Онда жоғары жалақы алатын мамандар жұмыс істейді», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«LG электроникс Алматы Қазақстан» компаниясының президенті Хосоп Канг Мемлекет басшысына өндіріс орнының қуатын арттыру және жаңа өнім түрлерін шығаруды бастау жоспарларымен таныстырды. Оның айтуынша, алдағы жылы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінде 28 гектар аумақты қамтитын зауыт ашылады. Оның 12 гектарын өндірістік ғимараттар құрамақ. Өндіріс орны іске қосылған кезде қызметкерлерінің саны 2017 жылы 520-дан 1200-ге дейін жетпек.

Сондай-ақ, Орталық Азия елдеріндегі экспорт көлемі 40 пайызға дейін артатын болады.

Соңғы жаңалықтар