Елбасы АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президентімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президентімен кездесті

Елбасы АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президентімен кездесті

Бүгін, 20-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Ұлттық демократиялық институтының президенті Кеннет Уоллокты қабылдады ,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Маусым 2003
  • 532
Фото - Caravan.kz

Журналистермен кездесуде Кеннет Уоллок :»Біз дүниежүзінде демократиялық үрдістерді тарату және дамыту жұмысымен айналысамыз. Бірақ біз демократияны елдерге күштеп таңбаймыз, өз тәжірибемізбен бөлісеміз»,- деп атап көрсетті. Ол осы орайда ҰДИ — штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан, дүниежүзінің барлық аймақтарында 50- ден астам өкілдіктері бар үкіметтік емес ұйым екенін хабарлады.

Қазақстан Елбасымен кездесуді Кеннет Уоллок «жемісті кездесу» болды деді.
«ҚР президенті кездесу барысында Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар туралы » әңгімелеп берді деді К.Уоллок. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, экономикалық даму барысындағы демократияландыру процессінің маңызын жоғары бағалаумен бірге, Қазақстандағы болашақ парламент сайлауы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ролі мемлекетті ілгерілетудегі ролі туралы өз ой-пікірін ортаға салды ,- деді К.Уоллок.

Соңғы жаңалықтар