Елбасы БАҚ-тарды мейлінше обьективті болуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы БАҚ-тарды мейлінше обьективті болуға шақырды

Елбасы БАҚ-тарды мейлінше обьективті болуға шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бұқаралық ақпарат құралдарын тағы бір мәрте обьективтілікке шақырды. Бұл тақырыпты мемлекет басшысы бүгін, 21-тамызда Астанада өткен қоғам өкілдерімен кездесуде көтерді.

  • 21 Тамыз 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

Президенттің айтуынша, мемлекет басшысының кеңсесіне «бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстандағы жақсылық атаулыны жоққа шығарып, қара күйе жағатын жаман әдетін» айыптайтын хаттар көптеп келіп түсетін көрінеді.

Соған қарамастан Н.Назарбаев БАҚ-тарда жарияланған мақалалар аймақтардағы ахуалды кеңінен түсінуге қолғабыс жасайтынын атап көрсетті. «Кейде мен газет бетіне тікелей қолымды қойып, онда көтерілген тауқыметке шенеуніктер тарапынан назар аударылып, оның орындалуы туралы есеп беруі қажеттігі туралы қатаң тапсырма беремін» ,- деді президент.
Н.Назарбаев осы орайда БАҚ өкілдерінен жергілікті жерлердегі қиындықтар туралы жиі жазуды, алайда мемлекетіміздің даму жолындағы жақсы нышандарды да естен шығармауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар