Елбасы: Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз

Елбасы: Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз

Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» атты күн тәртібімен өтіп жатқан ХХІ сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтт

  • 18 Сәуiр 2014
  • 702
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты отандастар, қадірлі қауым! Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-ші сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын.  Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөз бар. Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте», — деді Н.Назарбаев.


Мемлекет басшысының пайымынша, 21-ші ғасырдың ең басты заңы татулық. Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.

«Келісім экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениетьі мәңгілік болуы керек», — деді Елбасы.