Елбасы: Инвесторлар үшін ҚР агробизнесінің тартымдылық әлеуеті толық ашылмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Инвесторлар үшін ҚР агробизнесінің тартымдылық әлеуеті толық ашылмай отыр

Елбасы: Инвесторлар үшін ҚР агробизнесінің тартымдылық әлеуеті толық ашылмай отыр

Инвесторлар үшін Қазақстан агробизнесінің тартымдылық әлеуеті әлі де паш етілмей отыр.

  • 4 Маусым 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Қазіргі уақытта біздер байқап отырған күрделі сыртқы экономикалық жағдайларға, геосаяси сын-қатерлерге қарамастан Қазақстан экономикалық өсім мен инвесторлар үшін тартымды екендігін дәлелдеп келеді. Ағымдағы жылы жалпы отырыстың тақырыбы Қазақстандағы агробизнесті дамыту болып отыр. Мұндай тақырыптың таңдалуы да тосыннан емес. Қазақстан жер аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет, бірегей ауыл шаруашылығы ресурстарына ие», — деді Мемлекет басшысы.

Соынмен қатар Елбасы Қазақстан географиялық тұрғыда дәстүрлі өңірлік нарықтарға қызмет көрсету үшін оңтайлы орналасқанын, сонымен бірге Қытай, Үндістан және Таяу Шығыстың нарықтарына шығу мүмкіндігі бар екендігін баса айтты. Дегенмен отандық және шетелдік инвесторлар үшін еліміздің ауыл шаруашылығы ресурстарының тартымдылық әлеуеті толық ашылмай отырғанын да атап өтті.


«Біз өз тарабымыздан түрлі елдерге азықтық астық экспортын арттырудамыз және жаңа нарықтар мен мұхитқа шығу үшін жаңа көліктік магистральдар салудамыз», — деді ҚР Президенті.