Елбасы Ислам Конференциясы ұйымына хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ислам Конференциясы ұйымына хат жолдады

Елбасы Ислам Конференциясы ұйымына хат жолдады

ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бастаған еліміз өкілдері 16-17 қазанда Ислам Конференциясы ұйымының Малайзияда өткен мемлекет және үкімет басшыларының 10-саммитінің жұмысына қатысып қайтты,- деп хабарлайды ҚР СІМ.

  • 17 Қазан 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Форумда сөз сөйлеген Қ.Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам Конференциясы ұйымының 10-саммитіне қатысушыларға арнаған жолдауын оқып таныстырды. Жолдауда қазіргі пайда болған ғаламдық қауіп-қатер жағдайында мемлекеттер мен үкіметтер және діндер арасында конструктивті үнқатысуды жолға қоюдың айрықша маңызы атап көрсетілген.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, «Өзара діни төзімділік тұрғысынан бірегей ел болып табылатын Қазақстан дінаралық диалогты дамыту мақсатында нақты қадамдарды жүзеге асыра бастады». Атап айтсақ, құжатта Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің алғашқы құрылтайын өткізу жөнінде бастама көтеріп, оны табысты жүзеге асырғандығы айтылған. Бұл жиынның қорытындысы — халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту ісінде конфессия аралық ықпалдастықтың зор әлеуетке ие екендігін айқындап берді ,- делінген құжатта.
Сондай-ақ, Қазақстан Елбасы Ислам Конференциясы ұйымының мұсылман қоғамдастығы елдерінің арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстарына қолдау көрсете отырып, ұйымның рухани және мәдени құндылықтарды , исламдық дәстүрлерді қолдаудағы маңызды ролін атап өтті.
Н.Назарбаев өз жолдауында Ислам Конференциясы ұйымына мүше-елдердің назарын мұсылмандар арасындағы ағартушылықты күшейтудің, әлемдік қоғамдастықтың көз алдында ислам дінінің оң бейнесін қалыптастыру үшін теңдік, әділеттілік және төзімділік тәрізді Исламның жоғары құндылықтары жөнінде дұрыс мағлұмат қалыптастырудың қажеттігіне аударды,- деп хабарлайды СІМ.
Ислам Конференциясы ұйымының 10-саммитіне қатысу барысында Қ.Тоқаев аталмыш ұйымға мүше бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен екі жақты кездесулер өткізіп, Малайзия БАҚ-тары арқылы халықаралық саясаттың басты тауқыметтері бойынша Қазақстанның позициясы туралы түсініктеме берді.

Соңғы жаңалықтар