«Қазақстан» орталық концерт залында өткен, ШЫҰ-ның 10 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысымен бірге көрермендер залынан Ресей Президенті Дмитрий Медведев, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Өзбекстан Президенті Ислам Каримов, Қырғызстан Президенті Роза Отынбаева, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан Президенті Хамид Карзай, Пәкістан Президенті Асиф Әли Зардари, сондай-ақ ШЫҰ-ның саммитіне қатысу үшін келген ресми делегациялардың мүшелері орын алды.