Жарияланды: 80

Elbasy Medali мобильді қосымшасы іске қосылды

Elbasy Medali мобильді қосымшасы іске қосылды

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушылары үшін мобильді қосымша іске қосылды. Енді тәлімгермен байланыста болу, жеке кестені жоспарлау, бейнесабақтарды көру, есеп жіберу және үлгерімді бақылау жеңілдей түсті.

Elbasy Medali қосымшасын әзірлеушілер оны мүмкіндігінше қарапайым және функционалды етуге тырысқан.

Қосымшада қатысушыларға, тәлімгерлерге, сарапшыларға және аймақтық үйлестірушілерге арналған жеке кабинеттер қарастырылған. Сарапшылар мен үйлестірушілер сияқты пайдаланушылардың әрбір санатының өзіндік функционалы бар, енді әрқашан тәлімгерлер мен қатысушылар туралы статистиканы, тапсырмаларды орындау барысын, сұраныстар мен хабарламаларды үнемі біліп отыруға болады. Ал қатысушылар есепті тікелей телефонынан жүктей алады.

Жоба тәлімгері петропавлдық Әлия Мұхамадиева «Біз мобильді қосымшаның іске қосылуын асыға күттік. Жоба жаңа басталған кезде тәлімгерлермен телефон қосымшасы болса жақсы болар еді деп осы идеяны талқыладық. Бақытымызға орай, бүгінде бізде мұндай мүмкіндік бар. Көпшілігі есептерін жүктеп қойды, барлығы жақсы жұмыс істеп тұр. Ыңғайлы, әдемі және өзекті қосымша үшін рахмет», - деп алған әсерімен бөлісті.

Elbasy Medali қосымшасын жүктеу оңай:

1. Android үшін Google Play-де;

2. iOS үшін App Store дүкенінде.

«Елбасы Медалі» бағдарламасы «El Úmiti» бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясымен бірлесіп жүзеге асуда және қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам қатысушының басын біріктіреді. Бағдарламаның мақсаты – 14-29 жас аралығындағы жастардың спорт, оқу, еріктілік, ұлттық мұра, туристік серуен, еңбек практикасы, дарын мен дағдыны дамыту сынды жеті бағыт бойынша өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін