Елбасы: мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін білуге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы:  мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін білуге тиіс

Елбасы: мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін білуге тиіс

Еліміздегі мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін білуге тиіс. Бүгін Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында осындай талап қойды. Жоғарғы көрсеткішке алдағы 10 жылдықта қол жеткізу көзделуде.

  • 19 Сәуiр 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

2020 жылға дейін барлық жастар ұлты мен дініне қарамастан,мемлекеттік тілді жетік меңгерген жөн. Дегенмен тек тілді білу ғана аз. Болашақ мамандар қазақ халқының шежіресімен, мәдениеті мен салт-дәстүрімен де таныс болғандары абзал. «Өйткені тарихи-мәдени мұрамыздың сақталуы, еліміздегі көп ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлікті, татулықты қамтамасыз етеді» -деп атап өтті мемлекет басшысы. Сонымен қатар бүгінде республика бойынша 22 тілде білім беріледі. Айта кетейік, Елбасы мемлекеттік тілдің аясын кеңейту бағытында ешқандай мәжбүрлеу болмау керек деп есептейді. Президент осы орайда тіпті бірқатар шенеуніктерге ескерту жасады. Оның пікірінше, қазір егде адамдарды қинамай, жас ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару қажет.


Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

— АҚШ-тықтарды америкалықтар дейміз ғой. Оларды біріктіретін тек ағылшын тілі, әйтпесе ол жерде бір халық жоқ,қазір. Сондықтан басқа жұртқа айтатыным: қазақтың тілі деп, біз қазақты басқалардың басынан асырып қояйық дегеніміз жоқ, бұл біріктіретін нәрсе,бәрімізді.

Соңғы жаңалықтар