Жарияланды: 320

Елбасы Назарбаевтың Шымкент жайлы айтқан әзілдері мен ұлт зиялыларының сөздері

Елбасы Назарбаевтың Шымкент жайлы айтқан әзілдері мен ұлт зиялыларының сөздері Сурет - report.unic.edu.ru

Шымкент туралы алып-қашпа әңгімелер мен қағытпа сөздер көп. Тіпті көпшіліктің арасында олар туралы теріс пікір қалыптасқан.

Дегенмен Шымкент өңірі қазақылығымен, салт-дәстүрді сақтап, ұлт демографиясына басты үлес қосып отырған аймақ ретінде ерекше бағалауға лайық. Шымкент жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де бірнеше рет әзіл сөздер айтып, елді күлдірген болатын.

Сaravan.kz медиа-порталы мемлекет басшысы мен өзге зиялылардың осы өңір жайлы айтқан бірқатар қалжың сөздерін еске түсіріп көрді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

«Ерекшелігі бар ағайынсыңдар ғой енді… Мен облысты үш «Ш»-мен айтамын. «Шырайлы Шымкент шаһары!». «Ш»-ға жақынсыңдар ғой жандарың…»   2018 жыл, сәуір.

Бұл сәтті ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев ұтымды пайдаланып, тағы бір «ш»-ның барын, алайда оны айту қиынға соғатынын жеткізіп, одан бетер күлдірген еді.

 

«Шымкентке қарай келсең барлығы ойлайды, енді мына әкімді ауыстыратын болды, алып келе жатыр ғой тағы деп... Сендердің айтатындарың сол...Ауыстырмаймын. Жақсы жұмыс істеп отырған адамды неге ауыстырамын. Назарбаев. 2013 жыл, қыркүйек.

 

"Шымкентте 200-500 адамға шақталған қаншама тойханалар салынды. Той өткізуге жұмсаған ақшаны жастарға баспана алуға беру керек. Бұл ең жақсы сыйлық". Назарбаев 2018 жыл, сәуір.

«Бұл өмір бір-ақ рет беріледі, ал оны Шымкентте сүру керек». Нұрсұлтан Назарбаев

Шымкент өңірі жайлы өзге де ұлт зиялылары бірталай пікірлер айтқан болатын. Барлығы аталған қала туралы ел арасында тарап жүрген теріс пікірлерді жойып, ұл бірлігіне сызат түспеуін көздейді. 

 

«Бұл өңір қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, көкпарың сақталған, бәйгең сақталған, терме мен жырың сақталған, қазақылық болмысың сақталған өңір». Бекболат Тілеуханов.

«Кім Шымкентті жамандаса, сол бүкіл қазақтың жауы».
Бекболат Тілеухан

“Шымкент Қазақстансыз өмір сүре алады, Қазақстан Шымкентсіз өмір сүре алмайды”. Мұхтар Мағауин

«Қазақтың Шымкентте бестен бірі,
Ешқашан шығармаңдар естен мұны.
Әрқашан бізге қарап өлшенеді,
Қазақтың қаншалықты өскендігі». Әселхан Қалыбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін