Жарияланды: 470

Елбасы Н.Назарбаевтың Германияға жасайтын сапары аясында Қазақстан экономикасының осы елдегі күндігін ұйымдастыру жоспарланып отыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 19-22-сәуір аралығында Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі "Қазинвест" орталығының хабарламасынан мәлім болды.

Сапар аясында Германиядағы Қазақстан экономикасының күндігін ұйымдастыру көзделіп отыр. Күндік шеңберінде "Қазақстан сіздің сауда және инвестициялық әріптесіңіз " тақырыбында бизнес-форум өткізіледі. Шараға екі елдің түрлі министрліктері мен мекемелерінің, Қазақстан мен Германияның іскерлік әлемінің өкілдері қатысады. Форум бағдарламасында сондай-ақ, бірқатар екі жақты кездесулер қарастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін