«Қоғамдық бастау негізінде бала құқығы жөніндегі уәкіл институтын құру мәселесін әзірлеуді тапсырамын», — деп Н.Назарбаев бүгін Астанада «Бақытты отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу кезінде атап көрсетті.
Жетім балалар, қамқоршысыз қалған балалардың біртұтас жалпыұлттық деректер қорын құру қажет. Елімізде SOS-киндердорф балалар ауылы бар, отбасында тәрбиелеу бар. Мемлекет балалар үйіне жұмсайтын қаржыны олардың отбасында тұруына жұмсауға болады», — дейді ол.
