Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісім мен аталмыш келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы заңға қол қойды. Заңның мәтіні 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарық көрді.

  • 4 Шiлде 2003
  • 403
Фото - Caravan.kz

Келісімге сәйкес Каспий теңізінің табаны мен оның тереңі екі мемлекет арасында орта сызық бойынша бөлінеді. Орта сызық жағалау мен аралдардағы бастапқы нүктеден бірдей қашықтықта орналасады.

Орта сызықтың географиялық суреттемесі мен оның координаттары өзара келісілген бастапқы нүкте жөніндегі картографиялық материалдар негізінде айқындалып, 2003-жылдың 27-ақпанында Баку қаласында қол қойылған Келісімнің хаттамасында заңдастырылған.

Соңғы жаңалықтар