Елбасы қолданыстағы бірқатар заңдарды өзгертуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы қолданыстағы бірқатар заңдарды өзгертуді ұсынды

Елбасы қолданыстағы бірқатар заңдарды өзгертуді ұсынды

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолданыстағы бірқатар заңдарды өзгертуді ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Н.Назарбаев өзгертілуге тиіс заңдардың қатарында әкімшілік кодексті, әлеуметтік саладағы заңнамаларды, еңбек қатынастары жүйесі мен маман дайындау саласындағы заңдарды атады.

Елбасының айтуынша, ҚР әкімшілік кодексіне қатысты арыз-шағымдар биыл алғашқы жылы түсіп отырған жоқ. Н.Назарбаевтың пікірінше, «кодекс регрессивтік сипаттағы » заңға айналды. «Үкімет пен бизнес өкілдері бірлесе отырып тараптардың теңдігіне түрткі болатын барлық заңдарды, тәртіптер мен келісім-шарттарын жүзеге асыруы тиіс»,- деді ол.
Еңбек заңнамаларына енгізілуге тиіс өзгертулерге түсініктеме берген Елбасы : «қолданыстағы заңдардың кейбір тұсында кәсіпкерлердің құқығы шектеулі болса, керісінше, қызметкерлер құқығының аясы кең»,- деп атап көрсетті.
Елбасы : «қазір кәсіпкерлер үшін ел ішінде немесе шетелдерде маман оқыту тиімсіз, өйткені, оқытып алған адамы «басқаның жағына шығып кетпейді» дегенге жұмыс берушінің сенімі де, кепілдігі де жоқ»,- деді .
«Заңдарда да кепілдік берілмеген»,- деді Н.Назарбаев. Осыған байланысты Елбасының пайымдауынша, еңбек туралы заңға мамандарды оқытуға және оларды жұмыспен қамтуға байланысты арнайы тарау қосу керек.
Сөз соңында Елбасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсоваға бұл мәселені «тәртіпке келтіруді » тапсырды.