Елбасы Қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады

Елбасы Қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. 

  • 22 Қазан 2014
  • 571
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр — Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды.