Елбасы рақымшылықпен босағандарды оңалтуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы рақымшылықпен босағандарды оңалтуды тапсырды

Елбасы рақымшылықпен босағандарды оңалтуды тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұ

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 579
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы (бұдан әрі – Кешенді стратегия) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:


1) 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін Кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Жарлыққа қатысты түсіндірмені мына жерден көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар