Жарияланды: 330

Елбасы ресми сапармен Сингапурға аттанып кетті

Бүгін, 6-қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Сингапурға аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

7-10-қарашаға дейін созылатын сапар барысында Н.Назарбаев Сингапур президенті Селлапан Рама Натанмен кездеседі. Еліміз өкілдерінің құрамында сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Елбасының көмекшісі Кәрім Мәсімов, ҚР Ұлттық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченколар бар. Бұл елден кейін Н.Назарбаев Филиппины және Оңтүстік Корея республикаларына болып, аталмыш елдердің мемлекет басшыларымен жүздеседі. Елбасының Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне сапары 14-қарашаға дейін созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін