Жарияланды: 760

Елбасы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау мерзімін ұзартуға қарсы

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялау мерзімін ұзартуға қарсы екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Бұл - уақытша ғана қолданылған төтенше шара, әрі ол мәселенің жүйелі шешімі болып табылмайды. Сол себепті мораторий тоқтатылуы тиіс ",- деді Н.Назарбаев. "Адал кәсіпкер тексерулерден қорқып бұқпантайлауға тиіс емес, ал құқық қорғау мекемелері мен салық қызметі тексерулер жүргізіп кінәлілерді жазалауға тиіс",- деп атап көрсетті мемлекет басшысы. Елбасы кәсіпкерлерді "көлеңкеден шығып, адал жұмыс істей бастауға" шақырды. "Мемлекет сіздерді адал жұмыс істеуге бәрібір мәжбүр етеді. Сол себепті құқықтық аядан шықпау үшін еңбектену өздеріңіз үшін тиімді",- деді Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін