Елбасы: Шетелдегі қаражатты қайтарыңдар да, Қазақстанда ұстаңдар - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Шетелдегі қаражатты қайтарыңдар да, Қазақстанда ұстаңдар

Елбасы: Шетелдегі қаражатты қайтарыңдар да, Қазақстанда ұстаңдар

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қаржыны қайтаруға қатысты арнайы заңнаманы әзірлеуді тапсырды.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 154
Фото - Caravan.kz


Аталған міндет Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін біз ақшаны заңдастыруды үш рет өткіздік. Ешкімге тиіспейміз дедік. Солай болды. Бір адамды жауапқа тарттық па? Біреудің астын қазбаладық па? Жоқ, ешкімге тиіскен жоқпыз. Қазіргі жағдайда сіздер шекараның арғы жағында ұстап отырған ақшаларыңыздан айырыласыздар! Өздерініз сезіп жатқан боларсыз. Санкциялық соғыс қызып тұр. Ондайда сіздерге ешкім көмектесе алмайды. Ақшаны Қазақстанға қайтарыңдар да, осында ұстаңдар! Қандай кепілдік керек? Мен тиісті заңдарды да, жарлықтарды да шығарып беремін. Олай істемеймін десеңдер, біз өзіміз істейміз. Артынан реніш болмасын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде.

Соңғы жаңалықтар