Жарияланды: 500

Елбасы ШЫҰ мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Елбасы ШЫҰ мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді,

деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті. ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді. - Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды, - деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде. Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды. - Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді, - деп атап өтті М.Ахмадинежад. - Менің сапарым Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Мен халықтың еркінің және Президенттің данагөй басшылығының арқасында, сіздердің елдеріңіз даму қарқынының жоғары көрсеткішіне одан әрі қол жеткізе беретініне сенемін, - деп атап өтті Иран Президенті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін