Елбасы спиртті өнімдердің айналымына қатысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі заңға вето қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы спиртті өнімдердің айналымына қатысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі заңға вето қойды

Елбасы спиртті өнімдердің айналымына қатысты заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жөніндегі заңға вето қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Спиртті өнімдердің айналымы және оны мемлекеттік реттеу мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заң бойынша парламентке қарсылық жолдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 28 Қаңтар 2004
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 28-қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында палата депутаты Тито Сыздықовтың берген түсініктемесіне жүгінсек, Елбасының ветосы заңның екі нормасына қатысты болып отыр. Бірінші норма бойынша аймақтық есеп-бақылау нормасы деп аталатын тәртіп енгізілсе, екінші нормамен спиртті өнімдерді аймақтық маркасыз сатуға тыйым салынады.

Қазақстан Ата заңына сәйкес, мемлекет басшысының ветосын еңсеру үшін парламент депутаттары заң нормаларының депутаттар ұсынған нұсқасын қолдап дауыс беру барысында әр палатада дауыстың үштен екі бөлігін жинауы тиіс. Бүгінгі жалпы отырыста мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Елбасының аталмыш заңға қойған ветосын еңсеру мүмкіндігіне күмән келтірді. «Ветоны жеңе алмаймыз дегенге сенімдеріңіз кәміл болсын»,- деді ол депутаттарға.

Соңғы жаңалықтар