Елбасы үкіметке бақылаушы органдардың санын қысқару туралы ұсыныстарды 3 айдың ішінде енгізуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы үкіметке бақылаушы органдардың санын қысқару туралы ұсыныстарды 3 айдың ішінде енгізуді тапсырды

Елбасы үкіметке бақылаушы органдардың санын қысқару туралы ұсыныстарды 3 айдың ішінде енгізуді тапсырды

Бүгін, 31-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мүдделі мекемелермен бірлесе отырып бақылаушы органдардың санын қысқару туралы ұсыныстарды 3 айдың ішінде енгізуді тапсырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2003
  • 464
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың айтуынша, «Өкінішке орай, қазір Қазақстанда бюрократиялық аппарат жинайтын бейресми салық мөлшері ресми салық мөлшерімен парапар түсіп отыр».

Мемлекет басшысы келтірген мәліметке жүгінсек, қатаң тапсырмаларға қарамастан, соңғы 3 жылда мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің саны шамамен 20 процентке өскен. Н.Назарбаевтың айтуынша, қазір мұнымен шектелмей, бақылаушы-тексеруші функциясы бар күш құрылымдарының саны да арта түсуде. Осыған байланысты Елбасының пайымдауынша, «дәл қазір шенеуніктермен күресудің орнына, лауазымды қызметкерді осындай рента талап етуге итермелеп отырған жүйемен күресу керек».
«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау қоюға қатысты жауапкершілікті мемлекеттен алып, азаматтық-құқықтық институттардың арқасына жүктейтіндей деңгейге жеттік»,- деп қорытты өз сөзін Н.Назарбаев.