Мұнда мемлекет басшысы «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның қаржысымен жөндеуден өткен №2 мектепте болды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жер сілкінісінен зардап шеккен ауданда қазіргі жағдаймен 2104 жаңа үй салынып, 4720 үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары 15-қарашада аяқталады деп межеленген. Зілзаладан зардап шеккен ауданды қалпына келтіруге арналған біріккен бюджет қоржынына 15,2 млрд. теңге құйылды.
Елбасының Жамбыл облысына жасайтын жұмыс бабындағы сапары одан әрі жалғасуда.