Елбасы жастарға Билл Гейтс пен Uber компаниясын үлгі етті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жастарға Билл Гейтс пен Uber компаниясын үлгі етті

Елбасы жастарға Билл Гейтс пен Uber компаниясын үлгі етті

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы өтті.

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 630
Фото - Caravan.kz

Форум жұмысын ашқан мемлекет басшысы еліміздің сан қиындықтардан мойымай өтіп, осындай деңгейге жеткеніне тәубә деу керектігін айтты. Сонымен қатар Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кәсіп ашу барысында Билл Гейтс пен Uber қосымшасын жасаушылардан үлгі алуға шақырды, дейді BAQ.kz.

«Билл Гейтстің өз компаниясын гаражда жасағанын білеміз және қазіргі уақытта оның трансұлттық компаниясы бар. Сіздер Uber компаниясын да білесіздер. Гаражы да, стансасы да, автомобильдері де жоқ. Ал бірақ, тасымалмен айналысады. Телефонмен қоңырау шаласыз және екі минуттың ішінде машина дайын. Барар жеріңізге жеткен соң, босатасыз. Біз машина сатып аламыз. Статистикалық есептеулерге сәйкес оны күніне 4 сағат пайдаланады екенбіз. Ал ұрлап кетпесін, соғып кетпесін деген уайымы, күту, жанармай құю, жөндеу сынды шығыны қаншама. Ал мына жерде ештеңенің де қажеті жоқ. Бұл технологияны енгізуге байланысты автомобиль шығару қысқаратындығы күтілуге. Мұндай мысалдар өте көп», — деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елімізде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету үшін баса назар аударылып отырғанын атап өтті.


"Тек бірінші жартыжылдықта ғана мемлекет жастардың 55 жобасын қолдаған. Біздің міндетіміз — шағын және орта бизнестің экономикадағы өнімнің жартысынан көбін шығаруы. Сонда мемлекет тұрақты болады. Барлық уақытта да ойлау қажет. Мұндайды ойлап шығарғандардан біз кембіз бе? Икемді бизнес экономикалық құбылмалықтан барынша аз зардап шегеді», — деді Назарбаев.


Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Тіпті Елбасы жастардың көңілін көтеру үшін оларға әзіл де айтып берді. Сонымен бірге қазіргі жастардың бизнеспен айналысып жүргенін де атап өтті.

Соңғы жаңалықтар