Елбасы жұмыс бабындағы сапармен Жезқазғанға барды
Бүгін, 28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Жезқазғанға барды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
Сапар барысында мемлекет басшысы "Қазақмыс" корпорациясының қатысуымен қалпына келтірілген немесе салынған бірқатар әлеуметтік нысандарда болады. Атап айтсақ, Елбасы корпорация 500 мың доллар жұмсап салған балаллар мен жастарға арналған спорт мектебіне барады. Бұл мектептің таэквондо спортымен айналысуға арналған залы білім ордасының мақтанышы. Бұдан кейін Н.Назарбаевқа Сәтпаев қаласындағы №1 қалалық аурухананы көрсету межеленген. Биыл корпорация басшылығы 400 мың долларға аурухананы реконструкциялау және медициналық жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылдаған.
Елбасы сондай-ақ, Жезқазғандағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты мыс балқыту зауытын аралайды. Бұл - шикізаттан мыс шығарып алу жөнінен әлемдегі алдыңғы қатарлы бестікке қамтылатын зауытқа саналады. Зауытта мыспен бірге күкірт, қорғасын, алтын, висмут, кадмий, селен және күміс өндіріледі.
Бүгін түске дейін үкімет басшысы Астанаға ұшып кетеді деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін