Елбасының атына Маргарет Тэтчер мен Тони Блэрден хат келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының атына Маргарет Тэтчер мен Тони Блэрден хат келді

Елбасының атына Маргарет Тэтчер мен Тони Блэрден хат келді

Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы Магарет Тэтчер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, онда Қазақстан қол жеткізген ілгерілушіліктерге деген таңданысы толастамай отырғанын жеткізді,- делінген ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен жіберген хабарламада.

  • 5 Тамыз 2003
  • 741
Фото - Caravan.kz

«Соңғы жүздесуден кейін біздің болашақ бағыт-бағдарымызға әсер еткен көп оқиға болды. Лаңкестікпен күрес мәселесі біз секілді Қазақстан халқы үшін де маңызды екенін білемін. Сол себепті лаңкестермен және оларға баспана беріп отырған режимдермен күресте сіздер тарапынан көрсетілген көмектің маңызы ұшан-теңіз»,- делінген хатта.

М.Тэтчер сондай-ақ, өз хатында : «Қазақстан қол жеткізген экономикалық және саяси табыстар туралы есептерді, Қазақстан халқының алдынан ашылған өлшеусіз мүмкіндіктер туралы хабарламаларды ұдайы оқимын»,- деп хабарлады. Бұрынғы үкімет басшысының пайымдауынша, «мемлекет пен экономиканы қайта құрудың қай-қайсысы да ешқашан оңайлықпен жүзеге аспаған. Бұл орайда табандылық пен төзім болса, нәтижесі халыққа бірден көрінеді».
Сондай-ақ, Елбасының атына Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэрден хат келді. Хатта Ұлыбритания үкімет басшысы Қазақстанды Қарашығанақ мұнай және газ конденсаты кешенінен әлемдік нарыққа мұнай экспорттау мүмкіндігінің жасалуымен құттықтаған. «Осынау тарихи жобаның табысы екі ел үшін де ұтымды»,- дейді Т.Блэр.
Ұлыбритания үкімет басшысы Қазақстан үкіметі , «ҚазақМұнайГаз» және консорциум арасындағы тығыз әрі тиімді ынтымақтастыққа қолдау танытады. «Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібінде BG Group тәрізді Ұлыбританиялық компаниялардың маңызды роль атқарып отырғанына мен өте қуаныштымын»,- дейді Т.Блэр.
«Біз екі ел арасындағы ықпалдастықты одан бетер күшейтуге ниеттіміз»,- деп атап көрсетті Т.Блэр.
Ұлыбритания үкімет басшысы өз хатында жуырда Лорд Левидің Қазақстанға іссапармен келетінін хабарлаған. «Елбасымен екі арадағы тікелей қарым-қатынастар мен аталмыш сапар Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы әріптестікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады дегенге сенімім зор»,- депті Тони Блэр өз хатында .

Соңғы жаңалықтар