Жарияланды: 250

Елбасының кешегі сөзінен соң бүгінгі үкімет отырысы қазақ тілінде өтті

Елбасының кешегі сөзінен соң бүгінгі үкімет отырысы қазақ тілінде өтті

 

Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін өткізілген отырыстарға қарағанда бұл жолы министрлер баяндамаларын тек қазақ тілінде оқыды. Мұндай үрдісті премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастап беріп, министрлерге мемлекеттік тілде сөйлеуге сөз берді. Осыдан кейін инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, кейінірек энергетика министрі Қанат Бозымбаев сөз алды. Ал селектрлік байланыс жөнінде облыс әкімдері сөз сөйледі. Олар да өз кезегінде баяндамаларын мемлекеттік тілде оқып берді. Бірақ Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин баяндамасын қазақ тілінде бастап келіп, есеп соңында орыс тілінде сөйлеп кетті. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев та баяндамасының бір бөлігін орыс тілінде оқыды. Министр бұл жолы премьер-министрден ауылдық мектептерді компьютерлермен және Интернетпен қамтамасыз етуді тапсыруды сұрады. Еске сала кетейік, кеше, 26 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен кездесу барысында Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс екенін айтқан болатын.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін