Елбасының Мысырға ресми сапары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының Мысырға ресми сапары одан әрі жалғасуда

Елбасының Мысырға ресми сапары одан әрі жалғасуда

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Египет Араб Республикасына ресми сапары аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Каирдегі Ислам дінтану орталығында болып, Әл-Азхар Бас имамы шейх Мұхаммед Саид Тантауимен кездесті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 14 Наурыз 2007
  • 392
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президенті тарихи ескерткіштер — «Сұлтан ад-Насыр Мұхаммад ибн Калауын» және «Сұлтан Хасан» мешіттерін аралады. Тағдыры — Мысырға да, өмірге келген Қазақ даласына да ортақ ұлы қолбасшы және билеуші Бейбарысқа арналған тарихи ескерткіш «Сұлтан Бейбарыс» мешіті мемлекет басшысының ерекше ықыласын аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Араб елдері лигасында болып, осы ұйымның бас хатшысы Әмір Мұсамен кездесті.

Бұл күні сондай-ақ Қазақстан басшысы мысырлық «Ашар-Аль-Аусат» газеті мен «Ар-Раджуль» журналының журналистеріне сұхбат беріп, олардың Қазақстан туралы сауалдарына жауап берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті