Елбасының шақыруымен Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы сапарлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының шақыруымен Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы сапарлайды

Елбасының шақыруымен Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы сапарлайды

Қазақстанға Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен Иса әл-Халифа сапарлайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етт

  • 8 Сәуiр 2014
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  шақыруымен елімізге тұңғыш рет 13-15 сәуірде Бахрейн Корольдігінің шейхы Хамад бен әл-Халифа  келетінін хабарлаймыз. Бұл — өте маңызды іссапар, оның барысында саяси, инвестициялық, индустрия және өзге де салалар бойынша мәселелер қарастырылады», — деді ресми өкіл.


Оның сөзіне қарағанда, шейхпен бірге Қазақстанға екі жүзден астам ресми делегация өкілдері мен іскер топтар еріп келеді.

«Сондықтан да осы сапардың басты мақсаты — сауда, экономика және инвестициялық бағыттарға мән беру және оны талқылап, алға жылжыту», — деді А. Әбибуллаев.