Елбасының жолдауы қазақстандықтардың 73 процентінің сенімі мен үмітін үкіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының жолдауы қазақстандықтардың 73 процентінің сенімі мен үмітін үкіледі

Елбасының жолдауы қазақстандықтардың 73 процентінің сенімі мен үмітін үкіледі

Елбасының өткен аптада Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазақстандықтардың 40 процентінің болашаққа деген сенімін арттыра түссе, 33 процентін қанағаттанғандық сезімге бөлеген, 8 проценті енжарлық танытса, 3 проценті наразылық білдірген. Халықаралық жаңа саясат институтының Қазақстанның 22 қаласында өткізген сауалнамасының қорытындысы осындай. Зерттеулер қорытындысын бүгін, 24-наурызда "Елбасының жолдауы - қоғамдық саясатты жүзеге асыру құралы" тақырыбындағы дөңгелек үстелде Халықаралық жаңа саясат институтының социологиялық бөлімінің жетекшісі Геннадий Ващенков таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Наурыз 2004
  • 771
Фото - Caravan.kz

Сауалнамаға қатысушылардың 52 проценті жолдаудың тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер топтамасына арналған бөлігі ерекше есте қалғанын жеткізсе, 44 проценті денсаулық сақтау жүйесін жаңалау проблемасына, 43 проценті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңалау мәселелеріне қатысты бөлігін үлкен ықыласпен қабылдаған.

Халықаралық жаңа саясат институтының мәліметі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 54 проценті жолдау еліміздің одан әрі дамуына түрткі болады деп пайымдаса, 44 проценті оны жүзеге асыру тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді деген сенімде, 48 проценті — жағдайымыз жақсарады деп үміттенсе, 34 проценті отбасындағы өзекті проблеманы шешуге көмек болады, 19 проценті жолдау жеке өміріне еш әсер етпейді деген пікірде.
Тұрғындардың 97 проценті президент жолдауында көрініс тапқан ана мен баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар өзекті әрі қажетті деп санаса, 91 проценті денсаулық сақтау саласының жағдайын жақсартуды көздейтін жоспарларды қолдайды. Тұрғындардың 90 проценті білім беру және денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту шараларын жақтайды. Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар көлемін арттыру жөніндегі шешімге қазақстандықтардың 93 проценті қолдау білдірген.
Тұрғындардың 34 проценті азаматтық қоғам институттарын дамыту дұрыс деген пікірде. Еліміздің сайлау жүйесін жетілдіру қажеттігін сауалнамаға қатысушылардың 66 проценті мақұлдаған. Ал респонденттердің 88 проценті лаңкестікпен күресті өзекті проблемалар санатына қосқан.
Сауалнамаға қатысушылардың 5 процентінің пайымдауынша, жолдауда жұмыссыздық проблемасына жете көңіл бөлінбеген. Респондентердің 6 проценті өздері үшін көкейкесті болып табылатын барлық мәселе жолдауда көрініс тапты деген пікірде.

Соңғы жаңалықтар