Елден қашып кеткен Travelsystem басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+12 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елден қашып кеткен  Travelsystem басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елден қашып кеткен Travelsystem басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Туристерін сандалтқан Travelsystem компаниясының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Талай адамды тентіретіп қойған ол «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталуда. Алайда, бұрын хабарлағанымыздай, аталған компания басшысы Роман Хван елден қашып кеткен.

  • 11 Маусым 2015
  • 311
Фото - Caravan.kz

Енді оның бар мүлкі тәркіленіп, өзі 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Алайда бұл азамат қазір ел аумағында жоқ. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. Travelsystem компаниясы арқылы шетелдерде демалуға кеткен мың жарымға жуық отандасымыз кейін қайта алмай қалған еді. Қазіргі уақытта олардың біразы елге жеткізілді. Дегенмен, әлі 540 адам сыртта қалып отыр. Сондай-ақ, осы компаниядан жолдама алған 4800 адам діттеген жеріне бара алмай қалды.