Жарияланды: 20

Елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылды

Елдің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылды Сурет - Gismeteo

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райы күрт бұзылды.

Солтүстік облыстарға қатты аяздар оралса, орталық және шығыс аймақтар екі циклонның тоғысқан шекарасында қалды. Салдарынан бұл өңірлерде қарлы боран тұрып, барлық бағыттағы жолдар жабылып жатыр. Қолайсыз ауа райы қанша күнге созылады?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Уважаемые жители и гости Караганды! В связи с ухудшением погодных условий просьба не выезжать на загородные трассы. В области сильная метель, снегопад"

Бұл қарағандылық тәртіп сақшысының облыстан шыға берістегі күре жолдардың бірінен жіберген бейнесі. Қазір өңірдің барлық полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіпті. Олар ескертуге қарамай жолға шығып кеткен жүргізушілерді кері қайтарып жатыр. Жанармайлары қатып жолда қалғандар әзірге жоқ.  

ӘСЕТ БАЙТҮЛЕНОВ , АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Қазіргі уақытта әкімдікпен облыстан шығатын жолдарды жабу туралы мәселе қаралып жатыр. Қатты бұрқасынынң кесірінен түк көрінбейді. Мұндай кездерде жол- көлік апаттары жиі орын алады. Қазір біздің жол сақшылары қар тазалайтын техникаға еріп жүр».    

Көкшетауда  жаңа жылдан кейін бір апта бойы тұрған сақырлаған аяздардың сынғаны  осы еді. Бүгін бұл өңірде деауа райы күрт бұзылды.  Қаладағы жолдарда көктайғақ орнап, жол көлік апаттары жиіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін ұлғайған. Әзірге аяқ қолын үсітіп ауруханаға түскен ешкім жоқ.

ҚАНАТ ДОСПАЕВ   ОБЛЫСТЫҚ  ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жол-көлік апаттарына тосқауыл қою үшін Қазавтожол,  облыстық төтенше жағдай және Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірлесіп, облыстан шығатын барлық жолдарды жабу тралы шешім қабылдадық. Жүргізушілерге аса мұқтаждық болмай жолға шықпауға кеңес береміз».

Синоптиктердің айтуынша, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде орын алған боранға Сібірден келген антициклон кінәлі. Ол  осы аймақтарда бірнеше күннен бері тұрған жылы ауа ағымдарын ығыстырып  жатыр екен. Екі циклонның қақтығысы әрдаймы боран мен қарға ұласады екен. Қазір Елордадан Қарағанды мен Ақмола облысына  қатынайтын жолдардың бәрі жабылды.  

ВЕРА ЗИМИНА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Қарды өзіміз  тазалап жүргенімзге  үш күн болды. Мен мына дәмхананың әкімшісімін. Жұрт ас ішуге келгенде көліктерін қояр жер таппайды. Қаланың комуналды қызметі үлгермей жатыр».  

Петропавлда да қаладан шығатын тас жолдардың  бәрі жабылды. Қазір өңірде қатты аяздар  басталған. Қызылжарлық тәртіп сақшылары да  қаладан шығатын трассаларды аралап,  жанармайлары қатып,  жолда  қалғандарға  қол ұшын  беріп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін