Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы наурыздың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 2,3%-ға немесе 429,5 млн долларға өсті.
Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу және үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюымен ішінара бейтараптандырылды. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 395,7 млн долларға, әлемдік нарықтардағы бағасының 2,0% өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 33,8 млн долларға өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 2,1%-ға, ЕАВ-дағы таза активтері 2,3 %-ға өсті, алтындағы активтері 0,4 %-ға азайды.
Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің 2008 жылғы наурыздың бірінші жартысында азаюы ақша базасының 0,7%-ға немесе 10,9 млрд. теңгеге тарылуына себепші болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті