Еліміз бойынша Оралда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз бойынша Оралда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды

Еліміз бойынша Оралда тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды

Еліміз бойынша тұңғыш рет Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық олимпиада басталды. Бұл туралы "Дарын" облыстық қосалқы білім беру орталығынан хабарлады.

  • 24 Қазан 2003
  • 688
Фото - Caravan.kz

Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалалық мектептерден 70 оқушы қатысуда. Осынау білім сайысының бір ерекшелігі сонда, оған қатысушылар тек бір пән бойынша ғана емес, мектеп қабырғасындағы барлық пәндерден біліктілік сынайды.

Мектеп оқушылары арасындағы мұндай көп векторлы білім сайысын өткізу туралы бастаманы білім жетілдіру институты мен «Дарын» орталығы көтерген.
«Дарын» облыстық қосалқы білім беру орталығының төрайымы Галя Орынғалиеваның айтуынша, интеллектуалдық олимпиаданың басты мақсаты — ғылымның әр саласына бейімі бар дарынды балаларды анықтау болмақ. Олимпиада 4 сатыдан тұрады.

Соңғы жаңалықтар