Елімізде 5 радиациялық онкология орталығы мен 2 ядролық медицина орталығы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 5 радиациялық онкология орталығы мен 2 ядролық медицина орталығы салынады

Елімізде 5 радиациялық онкология орталығы мен 2 ядролық медицина орталығы салынады

Қазақстанның 5 қаласында жоғары технологиялық радиациялық онкология орталықтары мен 2 ядролық медицина орталығы салынады.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 672
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Әйелдердің сүт безі обырын және кіші жамбас ағзалары ауруларын ерте анықтаудағы инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева айтты.

«Еуропа, АҚШ, Корея және басқа да медицинасы дамыған елдердің тәжірибесі бойынша жақын болашақта еліміздің 5 қаласында жоғары технологиялық радиациялық онкология орталықтары мен 2 ядролық медицина орталығы салынады. Олар еліміздің территориялық ерекшеліктеріне сәйкес орналастырылып, әрқайсысына бірнеше облыс бекітіледі», — деді ол.

Келешекте Қазақстан азаматтары обыр дертін ерте бастан анықтап, дер кезінде аурудың алдын алу мүмкіндігіне ие болады.