Жұмыс істейтіндер ішінде 6,7 млн адам жалдамалы қызмет бойынша күн көруде, бұл жұмыспен қамтылғандардың 76,1% құрайды.
2020 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 441,2 мың адамды құраған, яғни жұмыссыздық деңгейі 4,8%. Жұмыспен қамту органдарында 2020 жылғы қаңтар айының соңына 116,1 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,3%-ын құрады.