Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап ыстық болатыны болжанды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап ыстық болатыны болжанды

Елімізде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап ыстық болатыны болжанды

"Қазгидромет" өкілдері 25-27 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 24 Шiлде 2017
  • 298
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық қысымның көтерілуіне байланысты Қазақстанның бірнеше облысында жауын-шашын болмайды, керісінше, ауа температурасы көтеріледі.

"Республикамыздың оңтүстік жартысында қатты ыстық күтіледі, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін жоғарылайды. Ал еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы 27-33, ал кейбір жерлерде 35-38 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі. Ыстық ауа райына байланысты бірнеше облысқа ескерту жарияланды", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" өкілдерінің мәліметінше, Қарағанды облысында 25-29 шілде аралығында күндізгі уақытта ауа температурасы 40-42 градусқа жетеді. Ал Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында 45 градус ыстық болады. Жамбыл мен Алматы облыстарында 26-30 шілде күндері 43 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр.


 

Соңғы жаңалықтар