Жарияланды: 60

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды

Елімізде алдағы күндері күн салқындайды.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің оңтүстік өңірінде болған 40-45 градустық ыстық жақында басылады. Алдағы 3 тәулікте Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінен салқын әрі ылғалды ауа ағымдары келетін болады.

Сондықтан еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, қатты жел соғуы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда, әсіресе таулы әрі тау маңындағы аймақтарда найзағай түсіп, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть