Елімізде алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Елімізде алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады

27 қазан күні Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады көбінесе жаңбыр түрінде. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман күтіледі.

  • 27 Қазан 2019
  • 65
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қарағанды облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.  

Соңғы жаңалықтар