Елімізде алты айда 738 адам жол апатынан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алты айда 738 адам жол апатынан қайтыс болды

Елімізде алты айда 738 адам жол апатынан қайтыс болды

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәлімдеуінше биыл елімізде алты ай ішінде 738 а

  • 12 Шiлде 2017
  • 330
Фото - Caravan.kz

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәлімдеуінше биыл елімізде алты ай ішінде 738 адам жол апатынан қайтыс болған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға төмендеген деп хабарлайды, Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылында елімізде 7127 жол-көлік оқиғасы болып, 9992 адам зардап шеккен. Оның 738-і қайтыс болған. Бұл өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда жол көлік оқиғасы 10,7%-ға, зардап шеккендердің саны 10,3%-ға, қайтыс болғандар 20,5%-ға төмендеген.

Ең көп жол апаты Алматы қаласы, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған. Адам өлімі бойынша Алматы облысы алда тұр, онда 162 адам жол апатынан көз жұмған.


Ал биылғы жылдың алдыңғы жарты жылындағы ең үлкен жол-көлік оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелген. Онда 16 адам зардап шегіп, 9-ы қайтыс болған.

«Апаттылық картасы» Алматы қаласындағы Жандосов пен Манас көшелерінің қиылысы жол апаты ең көп орын алатын жер екенін көрсетіп отыр. Онда осы уақыт ішінде 9 жол апаты орын алып, 10 адам зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар