Елімізде #АнашымМаскаТақтыңызБа атты республикалық челлендж басталды
![]() |
2020 жылдың 22 шілде күні елімізде республикалық #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. |
Челлендждің бастамашысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Тайбасарқызы Садвакасова.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
⠀Динара Садвакасова барлық қазақстандықтарды #АнашымМаскаТақтыңызБа атты челленджді қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, челленджді жасұландықтар және Ержан Максим, Аминка-Витаминка, Данэлия Тулешова, Адина-Мадина сияқты дарынды балалар қолдап жатыр.
Челлендждің негізгі мақсаты - аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу. Оған қатысу үшін маска киген анаңызбен бірге түскен суретті немесе видеоны әлеуметтік желілерге жариялып, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қойып, @jasulan_qz парақшасын белгілеу қажет.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін