Х.Ярниктің пікірінше, бұл тым жаман көрсеткіш емес, ал келешекте Қазақстанда осындай шығындар көлемі артатыны даусыз.
Әйтсе де, оның айтуынша, Ресейдегі осындай көрсеткіш 30 долларды, ал алдағы жылы Еуропалық Одаққа мүшелікке өтетін 10 елде 180 долларды, Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та 800 долларды құрайды екен.
Дейтұрғанмен, Х.Ярниктің айтуынша, Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы жан басына шаққандағы жалпы шығын көлемінің шамамен 80 проценті осыдан 25 жыл бұрын құрылған қолданыстағы жүйелердің жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, ал небәрі 20 проценті озық ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізуге жұмсалады екен.
Х.Ярниктің айтуынша, Қазақстандағы ақпараттық технологиялар рыногінің ауқымы 150 млн. долларға, Ресей рыногі 4,5 млрд. долларға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіштің жылдық өсімі жылына 30-35 процентке жетеді. Ал 2004-2005-жылдарда аталмыш көрсеткіш жылына 4,5-5 процентке артады деп күтілуде.
Oracle корпорациясы дүниежүзіндегі ең ірі бағдарламалық қамтамасыздық компаниясы болып саналады. Қазір бұл корпорация Ресей мен ТМД елдеріндегі 200-ден астам IT-компаниялармен әріптестік байланыстар орнатқан. Олардың 25-і сертификатты әріптестер деген мәртебеге ие.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр
Жаңалықтар
4 Мамыр