Елімізде "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Елімізде "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтар" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңға қол қойды. Құжат экономиканың ғылыми-техникалық саласын дамыту мақсатында, арнайы экономикалық аймақ құру мүмкіндігін қарастырады. Заңға сәйкес арнаулы экономикалық аймақтарды құру мақсаттары "жаңа технологиялардың бір немесе бірнеше саласын дамыту " деген жаңа анықтамамен толықты. Сондай-ақ, арнаулы экономикалық аймақтарды құру туралы шешімді тек жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың ғана емес, сондай-ақ, орталық атқарушы билік те қабылдай алады деген жаңа норма енгізілді. Соған сәйкес арнаулы экономикалық аймақтарды басқаруды да орталық атқарушы орган ретінде ҚР үкіметі жүзеге асырады.

  • 5 Желтоқсан 2003
  • 782
Фото - Caravan.kz

Қазір елімізде Ақтау мен Астанада арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар