Елімізде асханалар қызметі жаппай тоқтатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 537.91
  • 628.87
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде асханалар қызметі жаппай тоқтатылуы мүмкін

Елімізде асханалар қызметі жаппай тоқтатылуы мүмкін

Әсіресе, мектеп пен колледждер сияқты мекемелердегі тамақтандыру орындарының жағдайы қиындамақ. Оған шағын бизнеске қатысты жаңа ереже басты себеп. Ұлттық экономика министрлігі 17-ші наурыздан бастап еліміздегі барлық асханалардың жалдау ақысын 9 есеге өсірген. Атқамінерлер асхананы мейрамханамен шатастырып алған сияқты дейді бұған қарсы шыққан кәсіпкерлер.

  • 11 Маусым 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Бірінші, екінші тамақ және бір стақан компот. Бұл – елдегі мектеп пен колледж асханаларында берілетін ас мәзірі. Бағалары 300-400 теңгенің шамасында. Бірақ таяуда Ұлттық экономика министрлігі жаңа ереже енгізіп, бағаның еселеп өсуіне әкеліп отыр. Яғни, 17-ші наурыздан бастап, Астана мен Алматы мектептеріндегі асхананы жалдау ақысы 9 есеге көтерілген.

Олег Тышкевич, кәсіпкер:

-Айына жарты миллион теңге төлеуім керек енді. Қазір демалыс уақыты, мектепте бала жоқ. Қыркүйекке дейін ол қарыз 2 миллионның үстіне шықпақ. Одан кейін оны өтесем жақсы. Егер менің бір бәлішім 200 теңге тұратын болса, оны қай бала алады. Түскі ас 2 мың теңгеге дейін жетеді.

Жаңа ереже оқу орындарының ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік мекемеге тиесілі ғимараттағы асханаларға да қатысты. Ал ол жерлерде тек бір уақыттық, яғни түскі ас әзірленеді. Сондықтан кәсіпкерлер асхана табысын мейрамханамен шатастырған сияқты деп шенеуніктерге ренжулі.

Жангелді Сүлеймен, заңгер:

Мейрамхананың қосымша табысы бар. Мысалы, спирттік өнімдерді сатады. Күндіз-түні жұмыс істей береді. Ал мемлекеттік мекемедегі асханаларда ондай құқық жоқ. Жалпы, бұл тұрғыда сараптама қалай жүргізілген? Нағыз сауатсыздық қой.

«Шалағайлық кесірінен опық жедік» деп налыған асхана иелері енді ережеге қайта өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Бірақ олар қанша наразылық білдірсе де, тілектері орындамайтын тәрізді.

Владимир Ермаков, Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының міндетін атқарушы:

-Олай болмайды. Заң күшіне еніп кетті. Сондықтан кәсіпкерлердің көнбеске амалы жоқ. Немесе бизнестен кетсін. Орындарыа басқалары қуана келеді.

Асханаға қатысты тағы бір өзгеріс – биылдан бастап мектептердегі тегін тамақ беру жүйесі түбегейлі тоқтатылмақ. Яғни енді бастауыш сыныптағы оқушының асы үшін ақыны ата-ананың өзі төлейді.

Перейти к новостям спорта