Елімізде балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің қауымдастығы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің қауымдастығы құрылды

Елімізде балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің қауымдастығы құрылды

Елімізде балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің қауымдастығы құрылды. Бұл туралы бүгін, 6-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Үлкен балық" ЖШС-нің директоры Тимур Дүйсенғалиев хабарлады.

  • 6 Сәуiр 2004
  • 724
Фото - Caravan.kz

Т.Дүйсенғалиевтің айтуынша, Қауымдастықты құрудағы басты мақсат — ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті 2003-жылдың 29-желтоқсанында қабылдаған Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға ықпал ету болмақ.

Т.Дүйсенғалиевтің айтуынша, қауымдастық өз қатарына өткен мүшелердің кәсіпкерлік іс-шараларын үйлестіру, өзара тиімді экономикалық байланыстар орнату, балық шаруашылығы саласындағы су қоймаларын тиімді пайдалануға түрткі болу, озық технологияларды қолдана отырып өңдеу өнеркәсібін дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл шаралар Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда бәсекелестік қабілетке ие балық өнеркәсібін құруға бағатталады,- дейді Т.Дүйсенғалиев.
Оның айтуынша, «осыдан 10 жыл бұрын ғана елімізде қарқынды дамып келе жатқан , өзін-өзі ақтай алатын балық шаруашылығы саласы болып, балықшылар халықтың ең бір ауқатты бөлігіне саналса, қазір жағдай мүлдем керісінше өрбіп отыр».
«Балық шаруашылығы саласының негізгі қоры 80-90 процентке ескіріп, флот балық аулауға мүлдем жарамай қалды. Ауланған балық көлемі туралы статистикалық мәліметтер мен нақты ахуал арасында жер мен көктей айырмашылық пайда болды. Осындай тепе-теңдіктің жойылуы салдарынан ішкі рынокта күрделі қиындықтар туындап отыр. Ауланған балықтың 30 проценті браконьерлік жолмен ауланып, қара базарға жол тартуда»,- деп мәлімдеді Т.Дүйсенғалиев.
Сондай-ақ, оның пікірінше, қазір елімізде «балық шаруашылығы саласындағы өнім өндіруші, уәкілетті мекемелер, үкімет және ғалымдар секілді сала ойыншылары арасындағы өзара ықпалдастыққа қатысты күрделі қиындықтар туындап отыр». «Осындай ықпалдастықтың жоқтығы, балық шаруашылығы саласын үйлестіруге бағытталған тиімді саясаттың қалыптаспауы, жақсы ойластырған заңдық базаның жоқтығы тәрізді факторлар қолбайлау болуда»,- дейді ол.

Соңғы жаңалықтар