Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Елімізде бензин тапшылығы қайталанып, баға тағы өсуі  мүмкін. Депутаттар кезекті қымбатшылықтың күзде боларына сенімді. Орақ науқаны басталатындықтан нарықтағы жағдай ушығып кетуі ғажап емес. Бүгін халық қалаулылары мұнайға бай Қазақстанда жанармай мәселесін шеше алмай отырған Энергетика министрлігіне шүйлікті.

  • 2 Маусым 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Жанармай тапшылығы тура мектеп оқулықтары төңірегіндегі таласқа ұқсайды. Ішкі нарықтағы мұндай бассыздыққа нүкте қоятын кез келді. Әлі күнге дейін бензинге жарымай келеміз, импортқа тәуелдіміз. Күздің де ауылы алыс емес, жанармай бекеттерінде тағы да дүрбелең бастала ма деген қауіп бар. Егер дереу төртінші зауыттың құрылысына кіріспесек, болмайды.

Бұған Энергетика министрлігінің жауабы дайын екен. Тапшылықтан түбегейлі құтылу үшін 2030 жылға дейін Астана мен Алматыдағы көліктердің 50 пайызын газға ауыстырамыз дейді. Қазір көтерме саудамен айналысатын мекемелерді қадағалап, бақылайтын да тірі жан жоқ. Яғни, бекеттерге жеткенше делдалдар бензиннің бағасын бірнеше есеге қолдан қымбаттатады. Оның үстіне Қазақстандағы мұнай өнімдерінің құны Ресейдегі жағдаймен тікелей байланысты. Өйткені, ішкі нарықтағы бензиннің 40 пайызы көршілерімізден келеді. Айта кетсек, өткен аптада бірнеше айға ғана арзандаған бензин 108 теңгеге қайта көтерілген болатын. Қымбатшылықтың әлі қайталануы мүмкін екенін Энергетика министрлігі де жасырмайды.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Дүниежүзілік мұнай бағасына қарайды. Сондықтан бүгінгі таңда кішкене мұнайдың бағасы көтерілгендіктен мұнай өнімдерінің де бағасы қымбаттады. Енді әрі қарай мұнай бағасы қалай болады соған қараймыз.