Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан үш адам қаза тауып, он төрт адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан үш адам қаза тауып, он төрт адам жараланды

Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан үш адам қаза тауып, он төрт адам жараланды

АСТАНА/АЛМАТЫ. 16-шілде. Kazakhstan Today. Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан үш адам қаза тауып, он төрт адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Шiлде 2007
  • 539
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында «Мицубиси» және «ВАЗ-11183» автокөліктерінің соғысуы салдарынан бір жолаушы қаза тапты. Тағы екі адам, соның ішінде бір жасар қыз бен 13 жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жамбыл облысында болған апаттан төрт адам, соның ішінде бес жасар бала ауруханаға түсті. Мекеме ақпаратына сәйкес, Қаратау қаласындағы бір көше қиылысында жексенбі күні таңертең «ВАЗ-2103» және «Мазда» көліктері соғысты. Соның салдарынан «Мазда» жүргізушісі мен үш жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өткен тәуәлкте Алматыда үш ірі жол апаты болды. Атап айтсақ, қалалық «Құтқару қызметінен» хабарлағанындай, Түркісіб ауданында «Тойота» жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан үш жігіт ауруханаға түсті. Жүргізуші оқыс оқиға орнында қаза тапты.

Абай және Тілендиев көшелерінің қиылысында үш автокөліктің соғысуы салдарынан тағы төрт адам жараланды. «Құтқару қызметінің» ақпаратына сәйкес, сенбіден жексенбіге қарған түні «Ауди» және екі «БМВ» көліктері соғысты. Апат салдарынан алты және он жастағы екі бала мен екі ересек адам ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге бір кісі «Алтай» базары маңында көлік қағып кету салдарынан қаза тапты. Бұл жерде «БMB» жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Қазір қаза тапқан адамның аты-жөні анықталуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті