Жарияланды: 30

Елімізде бірыңғай зейнетақы қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұзарады

Елімізде бірыңғай зейнетақы қаражатын жинақтау мерзімі 3 жылдан 8 жылға дейін ұзарады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне өзгерістер енгізді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарда 135 мыңға жуық азамат өз қаражатын біржолғы зейнетақы төлемдерінен "Отбасы банк" АҚ депозиттеріне жұмсаған. Алайда бүгінге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ресімдемегені анықталды.
"Отбасы банк" АҚ ақпараты бойынша тұрғын үй заемын алу үшін қажет бастапқы жарнаны жинақтаудың орташа мерзімі – алты жыл.

Сондықтан министрлік азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында "Отбасы банк" депозиттерінде зейнетақы қаражатын жинақтау мерзімін 3 жылдан 8 жылға дейін ұлғайтуды ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, ерлі-зайыптылар "Отбасы банкі" депозиттерін бір-біріне бірыңғай зейнетақы қаражатымен толықтыра алады.
Егер бұйрық негізінде тұрғын үй құрылысы жинақтары туралы "Отбасы банкпен" келісімшарт бұзылса, бірыңғай зейнетақы толықтырылған сома алушының арнайы шотына қайтарылады.



Қазақстан азаматы 20 жұмыс күні ішінде бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады немесе емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес емдеуге жібере алады (2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 министрдің бұйрығы).

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы ережелеріне жоспарланған түзетулер НҚА ашық деректер порталында талқыланып отыр. Барлық ескерту мен ұсыныс қабылданғаннан кейін бұйрық жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі. Барлық келісу процесі шамамен екі айға созылады.

Еске салайық, бірыңғай зейнетақы қорынан инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда, энергетика саласын дамытуға 1,5 триллион теңге бөлінгені туралы ақпарат тараған еді. Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев бұл идеяны қолдаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін