Елімізде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы қандай?

Елімізде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы қандай?

Көпшілікті ерлер мен әйелдердің жалақы айырмашылығы қандай және неге деген сауал мазалап келеді. Ал жалпы сан жылдан бері елімізде ер адамдардың әйелдерден әлдеқайда көп жалақы алатыны айтылып жүр. 

  • 9 Қараша 2017
  • 2172
Фото - Caravan.kz

Мәселен осыдан үш жыл бұрын Қазақстандағы ерлердің әйелдерден 40 мың теңгеге көп табыс табатыны айтылды. Яғни 2014 жылы ерлердің орташа жалақысы 117 мың теңге болса, әйелдердікі — 80 мыңнан сәл көп болған. Еске салсақ, мұндай деректерді Астанада өткен "Тең мүмкіндіктер уақыты" конференциясынан соң еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтқан еді. Министрдің орынбасары ол кезде ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктері тең болуын қолдау үшін Еңбек заңнамасы бойынша баласы бар әйелдерге, жүкті әйелдерге ерекше жағдайлар жасап жатқанын айтты. Жақыпованың келтірген мәліметтеріне сәкес, ол кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 5 миллион 900 мың қатысушысының ішінде ер адамдардың саны — 3 миллион 83 мың, әйелдердің саны — 2 миллион 858 мың болған.

Арада үш жыл өткенде не өзгерді?

Биыл көктемде Ranking.kz. порталы елімізде әйелдерді ерлерге қарағанда жұмысқа аз қабылдайтынын және төмен жалақы төленетіні жайлы жазды. Ондағы мәліметер бойынша, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыз болса, ерлерде бұл көрсеткші 4,4 пайызды құрайды екен. Ал айлық жалақы бойынша айырмашылық 42 пайыз көрінеді.

Айтарлықтай айырмашылық мейрамхана мен қонақ үй бизнесі саласында болған. Шамамен 40,1 пайыз. Сондай-ақ кен өндіру саласында жалақы өзгешелігі 37 пайызды көрсеткен. Жалпы аталған ақпарат сайты еліміздегі ерлердің барлық сала бойынша әйелдерден әлдеқайда жоғары жалақы алатынын көрсеткен.

Ал 2015 жылы статистика Комитеті жұмысшылар арасында ерлер мен әйелдердің жалақы айырмашылығы 1,2-2 есе десе, басшылар арасындағы айырмашылық 4 есеге дейін барады деген мәлімет келтірді.

Шетелдерде ер мен әйелдің жалақы айырмашылығы қандай?

Интерфакс-Казахстан агенттінің хабарлауынша Еуро Одақ елдері арасында еркек пен әйелдердің арасындағы жалақы айырмашылығы Эстонияда жоғары екен. Шамамен 26,9 пайыз. Ал Латвияда әйелдер қауымы ерлерге қарағанда 17 пайызға аз жалақы алады. Ұлыбританияда 20 пайыз айырмашылық болса, Австрияда 21,7 Германияда, 22 пайыз және Чехияда 22,5 пайыз, Литвада 14,2 пайызды құраған.

Жалақы айырмашылығы 10 пайыздан төмен елдер қатарына Словения жатады. Бұл елде айырмашылық 8,1 пайыз, ал Полшада 7,7, Бельгияда 6,5 Румынияда 5,8, Италия мен Люксембургте 5,5 пайыз.

Еліміздегі мемлекеттік қызметегі әйелдер

Мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың негізгі бағыттары – билік құрылымдарында ерлер мен әйелдердің үйлесімді қатысуына қол жеткізу экономикалық тәуелсіз әйел үшін теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ету, қызметте өсу мен өз бизнесінің дамуы, отбасындағы теңдей құқық болуына жағдай жасау, жынысына қарамастан зорлықтан азат болуды анықтап берді. Экономика саласындағы жұмысшылардың жартысына жуығы – әйелдер. Олардың ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, шағын бизнес, қызмет көрсету, мәдениет, спорт саласы- ның өкілдері бар. Бүгінгі таңда менеджерлер арасында, оның ішінде мемлекеттік қызмет басшылары арасында әйелдер көп. Одан басқа, қазақстандықтардың қоғамдық санасында ерлермен қатар бизнесті бағындырған іскер әйелдің бейнесі қалыптасып келеді. 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдіктің стратегиясында – мемлекеттік органдардағы басшылар арасында 30% өкілдігін әйелдерге жеткізу туралы тапсырма қойылған болатын. Бірақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10% құрады. Оған қарамастан, 2010 жылғы Дүниежүзілік эконо- микалық форумда Қазақстан гендерлік теңдік рейтінгісінде 134 мемлекет арасында 11 орынды иеленді.

«Саясатта бұрын қыздар көп болмап еді, енді жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Мемлекеттік қызметтегі әйелдер 55 пайызға жетіпті. Бірақ екінші мәселе, жоғарғы билікте көбіне ер адамдар. Стратегия маңызды шешім шығаратын жаңағы биліктегі әйелдерді кем дегенде 30 пайызға жеткізуді көздеп отыр.Еліміздің бір, екі облысында мысалы Қостанайда бұл көрсеткішке қазірдің өзінде жеткен екен», — деп Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Зәмза Қодар
Caravan.kz
медиа-порталына арнайы берген сұхбатында айтқан болатын.

Шетелдерде мемлекеттік қызметтегі әйелдер көрсеткіші қандай деңгейде?

Еуропа елдерінің көпшілігінде басшылық қызметтегі гендерлік баланстың жоқ екені Еуропа Кеңесінің баяндамасында айтылды. Мәселен 2016 жылғы жағдай бойынша тек Финляндия мен Швеция ғана Еуропа Кеңесі министрлер Комитетінің тапсырмасын орындаған. Орташа Еуропада басшылық қызметте отырған әйелдердің үлесі 25,6 пайызға жеткен. Ал мемлекет басшысы, үкмет немесе аймақ басшысы қызметіндегі лауазым иелірінің 17 пайыз әйелдер. Былтырға көрстеткіш бойынша Европада Жоғарғы соттардың қызметкерлер арасында әйелдер үлесі 33 пайызды құрапты.Конституцияық сотта 26 пайыз, ал еуропа елдеріндегі елші- әйелдер үлесі 13 пайыз болған.

«Мұның өзі Европада гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін әлі ұзақ жол жүру керек дегенді көрсетеді. Мен барлық елдерді биліктегі басшылық қызметтегі гендерлік балансты жақсартуға шақырамын деді, — Европа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьерн Ягланд.

Еске сала кетсек, 2003 жылы Еуропа Кеңесінің министрлер Комитеті қатысушы елдерге басшылық қызметтегі әйелдер үлесін кемінде 40 пайызға жеткізуді ұсынған болатын.

Жұмыссыздық бойынша айырмашылық

2016 жылғы дерек бойынша жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңірлер Алматы қаласы 5,3 пайыз және ОҚО болған. Мұнда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды көрсткен. Дегенмен кейбір аймақтарда ерлер мен әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңігейнде үлкен айырмашылықтар бар екен. Мәселен Маңғыстау облысында өткен жылы ерлер жұмыспен көп қамтылып, ал жұмысыздық деңгейі 2,7 пайыз ғана болған. Ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш 7,8 пайызды құрапты. Әйелдер мен ерлер арасындағы жұмысыздық бойынша айырмашлық Маңғыстау, Алматы , Жамбыл облыстарында жоғары болған.

Жалпы Қазақстан отбасы, әйел және бала мәселелері жөніндегі халқаралық келісімдердің жүзеге асырылуына белсенді қатысатын гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған көптеген табысты мемлекеттердің бірі. БҰҰ еліміздегі отбасы, әйел және баланың заңдық мүддесі мен құқығын қорғауға қатысты жұмыстың атқарылу барысын жоғары бағалап отыр. Дегенмен гендерлік мәселе тек әйелдердің билікке көптеп тарту деген мағына ретінде қарамау керек.

Философия ғылымдарының докторы Caravan.kz медиа-порталына берген сұхбатында «шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы» деген болатын. Гендерлік мәселге, отбасындағы қатынасы, ондағы ажырсаулар, жетім балалар мәселесі, демография сияқты көптеген ауқымды дүниелер кіреді.

Соңғы жаңалықтар