Жарияланды: 390

Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ

Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ

Айыппұл көлемін төмендеду әкімшілік құқықбұзушылықтың 14 құрамы бойынша жүзеге асады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

Әкімшілік заңнаманы гуманизациялау мақсатында біз тәжірибелерді зерттей отырып, әкімшілік құқықбұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл көлемін төмендету керек деген шешімге келдік", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жол ережелерін өрсекел бұзушыларға бұл өзгерістердің қатысы болмайды.

"Мәселен, көліктің рұқсат етілмеген жерге тоқтауына салынатын айыппұл көлемін азайтпақпыз. Ал, көліктің шамын жақпаған жүргізушілер бірінші рет тек ескерту алады, келесі жолы бұзса ғана айыппұл салынбақ", - дейді Қасымов.

Министрдің айтуынша, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында жол ережесін бұзу фактілері еліміз бойынша 13,2 пайызға азайған. Сондай-ақ, жол апатынан қаза тапқандар саны 27,2 пайызға, жарақат алғандар саны 10,4 пайызға төмендеген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін